Қытайлық азамат декларациядан өтпеген 50 мың АҚШ долларын Қазақстан аумағынан алып өтпек болды

АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Кедендік бақылау комитетінің өкілдері экономикалық контрабандамен күресте өткен 1 жылдың ішінде атқарған істерін биылғы жылдың 6 айында-ақ артығымен орындады. Бұл мәселе жөнінде бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Кедендік бақылау комитетінің контрабандамен күрес басқармасы бастығының орынбасары Мейірманқұлов Мейірхан мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, кеден саласының өкілдері экономикалық контрабандамен күресте өткен жыл бойына 205 қылмыстық іс қозғаған болса, биылғы жылдың жартысында ғана бұл көрсеткіш 258-ді құраған. Ал кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден бас тарту әрекеті бойынша өткен жылы 39, ал биылғы жылдың жартысында 101 іс қозғаған. «Осы жылдың жартысында тек валюта контрабандасы әрекеті бойынша біз 81 қылмыстық іс қозғадық. Өйтпегенде, ұры-қарылар 264 миллион 747 мың теңге пайда тапқан болар еді. Биылғы жылдың мамыр айының 12-сі күні Алматыдағы әуежайда Қытай азаматы қолға түсіп, одан арнайы декларациядан өтпеген 50 мың АҚШ доллары табылды. Сондай-ақ сәуір айының 8-і күні декларациядан өтпен 35 мың 600 АҚШ долларын кеденнен алып өтпек болған Қазақстан азаматы ұсталды. Келесі бір ұсталған еліміздің азаматынан Қытайдың декларациясынан өтпеген 100 мың юань табылды», деді басқарма бастығының орынбасары. 

Сондай-ақ оның мәліметтерінше, жыл басынан бері қымбат металдарды контрабандау әрекеті бойынша 10 қылмыстық іс қозғалып, құны 116 миллионнан астам теңгені құрайтын 20 килә 826 грамм металл тәркіленген. Бұған қоса, бағалы тері бұйымдарын контрабандау бойынша 17 қылмыстық іс қозғалып, 66 миллион 735 мың теңгенің заттары тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар