15:54, 04 Ақпан 2011 | GMT +5
Қытайлық қыз Ван Фэй конькимен жүгіру спортынан Азия рекордын жаңартып, Азиада ойындарының алтынын жеңіп алды
АНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Қытайлық қыз Ван Фэй (Wang Fei) конькимен жүгіру спортынан 1500 метрге жүгіруден Азия рекордын жаңартып, 7-Қысқы Азия ойындарының чемпионы атанды.
Астанадағы конькимен жүгіру жабық стадионында өткен жарыста Ван Фэй аталмыш қашықтықты 1 минут 58,37 сеундта жүгіріп өтті. Бұл оның өзі осыдан үш жыл бұрын орнатқан рекордтан 1,5 секундтай жақсы көрсеткіш. Атап өтерлігі, күміс жүлдені иеленген оңтүстіккоерялық Но Сынён да (Noh Seonyeong) Азияның алдыңғы рекордынан жылдам жүгіре алды, алайда ол чемпионнан 0,9 секундқа ұтылып қалды. Қола жүлдені жапониялық Кодаира Нао (Kodaira Nao) жеңіп алды. Ол жеңімпаздан 2,7 секунд қалып қойды. Бұл жарыста ел намысын қорғаған Екатерина Айдова төртінші орын алды. Ол қола жүлдегерден небәрі 0,03 секундқа қалып қойды.