19:57, 05 Ақпан 2011 | GMT +5
Қытайлық жұп мұзда билеуден 7-Қысқы Азиада чемпиондары атанды
АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордадағы республикалық велотректе 7-Қысқы Азиада ойындары аясында мұзда билеуден жарыс аяқталды.
Спортшылардың екі кезеңде жинаған ұпайларының қорытынды нәтижесінде 129,75 балл жинаған қытайлық жұп Хуан Синьтон мен Чжэн Сюнь алтын медальға қол жеткізіп, 7-Қысқы Азиада ойындарының чемпиондары атанды. Ал олардан небәрі 1, 47 ұпай кем жинаған Жапонияның 4 мәрте чемпиондары Кэти мен Крис Ридтер екінші орынға табан тіреді. Ал қолға жүлде127,50 балл жинаған тағы бір қытайлық жұп Ю Сяоян мен Ван Чэньге бұйырды.
Бұл жарыста Қазақстанның намысын қорғаған Виктория Кучеренко мен Виктор Адониев бар-жоғы 102,74 ұпай жинап, 4 орын алды.
Енді санаулы минуттардан кейін осы спорт алаңында жұптасып сырғанаудан жарыс өтеді.