19:45, 17 Наурыз 2016 | GMT +5
Қытайлықтар арасында шетелден білім алатындар саны күрт артып отыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы 523,7 мың қытайлық студент шетелде білім алған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 13,9 пайызға артық. Бұл туралы Синьхуа ҚХР Білім беру министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Статистика көрсеткендей, жоғарыда аталған студенттердің 25,9 мыңы мемлекеттің, 16 мыңы жұмыс берушілердің, ал 481,8 мыңы өз қаражатына білім алды.
1978 жылдан өткен жылдың соңына дейін 4 млн-нан астам қытайлық шетелде білім алған. Оның 2,2 млн-нан астамы оқуын аяқтаған соң отанына оралды.