Қызмет бабын теріс пайдаланған лауазымды қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасы лауазымды қызметкерлерінің үстінен ҚР ҚК 307-бабы 2-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады.

Қызмет бабын теріс пайдаланған лауазымды қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұл қызметкерлер мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде өнім жеткізушілерге «оң» көзімен қарап, медициналық жабдық құнына  мониторингті дұрыс жүргізбеген, сөйтіп мемлекетке 12,7 млн. теңге көлемінде залал келтірген.

Департамент сондай-ақ салықтан жалтарған жеке кәсіпкердің үстінен де ҚР ҚК 221-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғады. Бұл азамат 2006-2008 жылдары декларацияға кірістер мен шығыстар туралы бұрмаланған деректер енгізу арқылы 109,9 млн. теңге көлемінде салықтан жалтарған.