Қызметкерлердің конституциялық құқықтары қорғалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. Наурыздың 4-і ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Алматы облысының Ескелді ауданы прокуратурасының қызметкерлері еңбек қатынастары саласындағы жағдайға мониторинг өткізу барысында Қарабұлақ ауылындағы «Быткомбинат» өндіріс кәсіпорны басшылығының жұмысшыларға жалақысын төлемеу фактісін анықтады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Ескелді ауданының прокуроры Еркін Төкеевтің айтуынша, жоғарыда аталған кәсіпорын 36 жұмысшының жалақысын төлемей, оларға 305 мың теңге қарыз болған.Аудан прокуратурасы еңбек ұжымының наразылық көрсетуін болдырмау мақсатында кәсіпорын басшысына қарыз жалақыларды төлеуді міндеттеді. Нәтижесінде жалақы бойынша қарыздар өтелді.Сонымен бірге Панфилов ауданының Шолақай ауылы тұрғындарының конституциялық құқықтары қорғалды. «Бірлік» өндіріс кооперативінің басшылығы 43 жұмысшының жалақысын төлемеген. Аталмыш мәселе бойынша да прокуратураның араласуы нәтижесінде 609 мың теңге қарыз өтелді.
Соңғы жаңалықтар