Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланған ШҚО Құрылыс басқармасы бастығының орынбасарына 3,2 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының №2 соты ШҚО Құрылыс басқармасы бастығының орынбасары Н.Айманбетовті айыптау бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Өскемен қаласының №2 сотының баспасөз қызметінен.

Қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланған ШҚО Құрылыс басқармасы бастығының орынбасарына 3,2 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды

Н.Айманбетов лауазымды тұлға бола отырып, құрылыс жұмыстарының іске асыру жөніндегі жалған актілерге қол қойған. Өзінің қызметтік өкілеттілігін теріс пайдалану арқылы мемлекетке 27 890 330 теңге ірі көлемде залал келтірген.

Сот Н.Айманбетовті ҚК-нің 307-бабының 2-бөлігіне (лауазымды тұлғаның қызметтік бабын қасақана пайдалануы), 314-бабының 2-бөлігіне (қызметтік жалған) сәйкес қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оны 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырып, оған 3 236 000 теңге көлемінде айыппұл салу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.