Қызылағаш кентінде бөгет салынады

ТАЛДЫҚОРҒАН. 4 қазан. ҚазАқпарат - Ертең Алматы облысының Ақсу ауданында Қызылағаштағы су бөгетін қалпына келтіру бойынша құрылыс жұмыстары басталады.

Қызылағаш кентінде бөгет салынады

Бөгет 2010 жылдың 12 наурызында қатты су тасқынынан бұзылған болатын. Қызылағаш кентін толығымен су шайып кетті, адамдар мерт болды.

Іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Алматы облысы басшылығының өкілдері қатысады. Бөгеттің құрылысы аяқталатын жоспарлы мерзім - 2013 жылдың соңы.