11:08, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
"Қызылқұм" заставасында шекара бұзушылар қолға түсті
ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -"Қызылқұм" заставасында шекара бұзушылар қолға түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.2019 әскери бөлімнің шолғыншылары "Зил 131" маркалы автокөлігімен шекара асып, Өзбекстан Республикасына бара жатқан Қазақстан Республикасының екі және Өзбекстан Республикасының бір азаматын ұстады. Тексеру барысында еш жерде рәсімделмеген 59 420 теңге, 1600 АҚШ доллары, 500 үнді рупиі тәркіленген. Олардың сөздеріне қарағанда, Өзбекстан Республикасында тұратын туыстарына бара жатқан көрінеді.Аталмыш дерек Қызылорда облысының ұлттық қауіпсіздік комитетіне және облыстық прокуратураға дер кезінде хабарланған.