Қызылорда әкімдігі бағаны тұрақтандырудың әрекеттерін жасауда

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласы әкімдігі азық-түлік, жанар-жағар май бағаларын тұрақтандыруды қамтамасыз ету мақсатында 24 ірі сауда орындары мен 25 жанар-жағармай бекеттері бар 7 мекеме басшыларымен меморандумға қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тұрғындарды арзан азық-түлік, көкөніспен қамтамасыз етуде оларды оңтүстік облыстардан тасымалдау үшін қалалық бюджеттен 30 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы қаржыға алынған өнімдер "Арзан" базар қоймасында сақталып, базар нарқынан 10-15 пайызға төмен сатылуда. "Арзан" базары алаңында өткен жылы 12 ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, барлығы 50 млн. теңгенің өнімі жұртшылыққа қол жетімді бағалармен сатылды.
Соңғы жаңалықтар