Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылорда қаласында 3 жылыжай құрылысы жүргізілуде

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылорда қаласында 3 жылыжай кешендерінің құрылыстары жүргізілуде. Олардың жалпы көлемі 1200 шаршы метрді құрайды,

Қызылорда қаласында  3 жылыжай құрылысы жүргізілуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы күнге дейін қала аумағында жалпы көлемі 3100 шаршы метрді құрайтын 8 жылыжай жұмыс жасап келеді. Өткен жылы бұл орындардан 30 тонна көкөніс өнімдері өндірілген. Өкінішке орай, өндірілген өнім тұрғындар сұранысының небәрі 5 пайызын ғана өтеп отыр.