13:51, 31 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қызылорда қаласында былтыр 137,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласында өткен жылы қаржыландырудың барлық көздері есебінен жалпы көлемі 137,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның ішінде республикалық бюджет есебінен 12836 шаршы метр, жеке тұрғындар қаржысымен 12426 шаршы метр баспана ел игілігіне айналды.
2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес өткен жылы республикалық бюджеттен ипотекалық тұрғын үй құрылысына 367,7 млн. теңге бөлініп, Сырдария шағын ауданында 60 және 40 пәтерлік үйлердің құрылысы жүргізілді. Бүгінде арендалық тұрғын үй құрылысына 500 млн. теңге бөлініп, Титов қыстағында екі 50 пәтерлік және Сырдария шағын ауданында екі 40 пәтерлік үйлердің құрылысы басталды. Олар осы жылы пайдалануға беріледі.