Қызылорда қаласында Шахмардан Есе­новтің мүсіні ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қарашаның 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ -  Қызылор­да қала­сын­­да­­ғы «Еура­зия» спорт ке­ше­ні ала­ңы мен көр­нек­ті ға­лым­­­ның өз атымен ата­­латын көше то­ғы­сында ака­демик Шахмардан Есе­новтің мүсіні ашылды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты рәсімде облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов көпшілікке ғұлама ғалымның елге сіңірген еңбектері жайында қысқаша әңгімелеп берді.

Облыстық мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Құдайбергенов, Қызылорда қаласының әкімі Мұрат Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов, құқық қорғау органдарының ардагері, генерал-майор Құлахмет Қалменов Ш.Есеновтің ғылымда, қызметте қол жеткізген табыстарын жан-жақты баяндады. Ғалымның зайыбы Кәмила Есенова тұлғалы ескерткішті тұғырға қондыруға қолдау білдірген ел азаматтарына ризашылығын жеткізді.

2007 жылы тұғырлы тұлғаның сексен жылдық мерейтойы Сыр топырағында тойланған еді. Енді, міне, қаламызда даңқты жерлесіміздің тас мүсіні бой көтеріп отыр.

Соңғы жаңалықтар