Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қызылорда қаласының әкімі қарттарға көмек қолын созды

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылорда қаласын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық экологиялық айлық өткізу туралы арнайы штаб құрылған болатын. Бүгінгі таңда штаб мүшелері қаланың орталық көшелерін аралап, қала келбетін бұзған нысандарды анықтап, ретке келтіру жұмыстарын жүргізуде,

Қызылорда қаласының әкімі қарттарға көмек қолын созды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қала әкімі М.Ергешбаевтың қолдауымен Ұлы Отан соғысының ардагері, жалғыз басты ана Н.Колесникованың үйін жөндеуге "Қасиет-ал" ЖШС жұмылдырылды. Мекеме жұмысшылары ардагер үйінің сыртын сылау, ақтау жұмыстарын жүргізді. Ауласын күл-қоқыстан тазартты. Құлаған дарбазасын қалпына келтірді. Бұл жұмысқа "жасотандықтар" да өз үлестерін қосты. Қамқоршысы жоқ, жалғызбасты қарт кейуанаға олар алдағы уақытта да көмек қолын созуға дайын екендіктерін жеткізді.