Қызылорда облысында мұнай тасымалдайтын екі көлік соқтығысып, 20 тонна мұнай төгілді

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан мұнай төгілді,

Қызылорда  облысында   мұнай тасымалдайтын  екі  көлік соқтығысып,    20 тонна мұнай  төгілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Қызылорда-Құмкөл жолының 51-ші шақырымында бүгін түнде сағат 00.30-да мұнай тасымалдайтын екі «КамАЗ» көлігі соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан 23 тонна мұнай төгілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.