09:22, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
                                        Қызылорда облысында трактор арбасының астында қалып қойып, 6 жасар бала шетінеді
                                            АСТАНА.  Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Қызылорда  облысының Жаңақорған  ауданындағы Бірлік селолық  округінде қайғылы оқиға орын алды. МТЗ-82  тракторы  арбасының астында  қалып қойып, 6 жасар  бала шетінеді,  деп  хабарлайды ҚазАқпарат  Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.
                                        
                                        
                                     
                                              
                                                     Қайғылы оқиға қаңтардың 11-і күні кешке Қыраш ауылында болған. Төтенше жағдайлар ведомствосының ақпараты бойынша, «бала алған жарақаттардан ауруханада көз жұмған».