09:22, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қызылорда облысында трактор арбасының астында қалып қойып, 6 жасар бала шетінеді
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Бірлік селолық округінде қайғылы оқиға орын алды. МТЗ-82 тракторы арбасының астында қалып қойып, 6 жасар бала шетінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
![None None](/static/img/plug.webp)
Қайғылы оқиға қаңтардың 11-і күні кешке Қыраш ауылында болған. Төтенше жағдайлар ведомствосының ақпараты бойынша, «бала алған жарақаттардан ауруханада көз жұмған».