Қызылорда облысында ұлттық халық санағы қызу жүріп жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Ақпанның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысында дайындық өз деңгейінде жүргізілгендіктен аудандарда да халық санағы бір деммен өтіп жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қазалы ауданында №4 бөлімнің санақшысы Айман Үсенова өз жұмысын зейнеткер Бейбітәлі Құлсейітовтің отбасынан бастады. Сексеннің сеңгіріндегі ұстаз ешқандай сауалға мүдірген жоқ. Кейуана Сая Жексенова ұзақ жыл шәкірт тәрбиелеумен айналысып, әлденеше рет санақ жұмысына да араласыпты. Биылғы ерекшелік халықтың саны мен тұрмыстық ахуалы айқындала түсетінін айтып, бұрынғы санақтарда қаншама ағаттықтардың кездескенін де жасырып қалмады. Санақшы Айман үй-үйлерді аралай жүріп, мәліметтердің құпия сақталатынын да ескертті. Егерде үй иелері мекен-жайларында болмаса, ондай азаматтарға арнайы хат жіберіледі. Сондықтан санақтан ешкім қағыс қалмайды. Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Толыбай Жүсіпов маңызды іске әрбір қазалылық атсалысатынына сенімді екенін білдірді. Жалпы, ауданда 8 санақ бөлімі жұмыс істеп тұрса, олардың төртеуі Әйтеке би кентінде, біреуі Қазалы қаласында, қалғандары ауылдық округтерде орналасқан. Санақ мамандарына арнайы автокөліктер бөлінген. Теміржол торабында, ауруханалар мен қарттар үйінде, мекемелерде қоғамдық негізде қосымша 11 санақшы жұмысқа кіріскен. Ауданда екі күннің қорытындысы шығарылғанда, нәтиженің ойдағыдай екені байқалды.Қармақшы ауданының Төретам кенті мен Ақай ауылында алдын ала деректер бойынша 14 мыңнан астам адам қоныстанған. ? Төретамда 230 пәтерлік 31 көпқабатты тұрғын үйді қоса алғанда 1596 отбасы бар. Үлкен аумақ 3 учаскеге бөлінген, ? дейді кент әкімінің орынбасары Әбдіғани Жұмағұлов. ? Санақтың алғашқы екі күні осындағы 35 санақшы 360 отбасын аралап шыққандарын мәлімдеді. Есепке алынған 2307 тұрғынның 1183-і ер адам, 1124-і әйел. Ақай ауылдық әкімдігі мамандарының хабарлауынша, елді мекенде екі күнде 902 адам санақтан өткен. Бұл ауылдағы халықтың 30 пайызындай. Жосалы кентінде науқандық жұмыс теміржол вокзалы мен емдеу орындарынан бастау алған. Статистика бөлімінің басшылары 11 мың адамның есептен өткенін айтады. Облыстық статистика департаментінің Байқоңыр қаласы бойынша уәкілі Дина Шәкееваның сөзіне жүгінсек, жұмаға дейін шаһарда рәсімделген халықтың саны 7760 тұрғынды қамтиды. Олардың 98 пайызы ? қазақтар. 128-і басқа ұлт өкілдері. Республика аумағында уақытша тұрып жатқандарға арналған санақ парақшасын 30 адам толтырыпты. Халық санағына қолдау көрсету және өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс тобы төрағасының орынбасары Михаил Москалев тұрғындардың жоғары белсенділік танытуы түсіндіру жұмыстарының өз дәрежесінде атқарылуынан дегенді айтады. Жалағаш ауданында санақ мамандары таңғы сегізден қас қарайғанға дейін тынымсыз еңбектенуде. Олар тұрғындар тарапынан мүмкіндігінше қолдау көріп отыр. 4 санақ бөлімі жұмысқа кірісіп отырса, 125 санақшы білікті деген қызметкерлерден іріктелген. Олардың 4-еуі емдеу орындарында. Аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Манарбек Еспанов күнде кешкілік санақ мамандарының жұмысын сараптан өткізіп, олардың есебіне ден қойып отыр. "Санақтың алғашқы күндері біз күткеннен де жоғары деңгейде жүргізілді, ? деді аудандық статистика бөлімінің бастығы Сәуле Баймахан ? Тұрғындар тарапынан ешқандай қарсы пікір айту байқалмады. Олар саяси науқанның мәні мен мазмұнын жете түсініп, әрбір сұраққа ынта-ықыласпен жауап беруде. Бұны бірнеше ай бойы жүргізілген түсіндірме жұмысының жемісі деуге болар." Шиелі ауданында арнайы бөлінген санақшылар мен жұмыс тобы ақпанның 25-інде 00 сағатта теміржол вокзалына келіп жетті. Топ құрамындағы статистика бөлімінің бастығы Нәзкен Қалыбаева, №1 санақ бөлімінің меңгерушісі Ниязбек Нұрманов, нұсқаушы-бақылаушы Мұхтар Шоқаев, санақшылар Нұрбибі Ізтілеуова, Еркін Байжігіт және тұрақты уәкіл, облыстық статистика департаментінің қаржы бөлімінің меңгерушісі Роза Сермағанбетова әрбір бланкіні толтыруға 10-15 минөт уақыт кететіндіктен іске жедел кірісті.
Соңғы жаңалықтар