10:23, 21 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қызылорда облысындағы инвестиция өсімі 44,8 пайызды құрап отыр
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Өткен жыл Қызылорда облысының экономикасы үшін жемісті болды.

Әсіресе, макроэкономикалық көрсеткіштердің қатарында инфляциялық үдерістерді тежеу бағытында атқарылған жұмыстар күткендегідей нәтижеге жеткізіп, облыс бағаны тұрақтандыру жөніндегі көрсеткіштер бойынша Қазақстан аймақтары арасында көш бастаушылар қатарынан орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.ҚР Статистика агенттігінің өткен жыл қорытындысы бойынша жариялаған мәліметінде облыс негізгі капиталға тартылған инвестиция жөнінен ел аймақтары ішінде алдыңғы қатардан орын алып отыр. 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы инвестицияның ең жоғары өсімі Жамбыл облысына тән болды. Одан кейінгі орындарды Қызылорда, Ақмола және Қарағанды облыстары бөлісуде. Ал Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларында инвестиция көлемі өткен жылы біршама төмендеген.