12:34, 31 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қызылорда облысының әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен кездесті
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Кеше облыс әкімі Болатбек Қуандықов облыстың жетекші жеті бұқаралық ақпарат құралының басшыларымен сұхбат өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Қазақстан-Қызылорда" телеарнасының студиясында өткен басқосу үш сағатқа жуық созылды. Ел алдында есеп берер жауапты науқан қарсаңында облыстың жетекші бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен облыс басшысының жүздесуін билік пен халық арасындағы алтын көпір деуге болады. Басқосу барысында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының бүгінгі бағдары жайындағы өзекті деген отызға тарта сұрақ қойылып, аймақ басшысы сауалдарға жан-жақты кең көлемде жауап қайырды.