Қызылордада бес күнде 93 қару тәркіленді
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Республика көлемінде наурыздың 30-ы мен сәуірдің 3-і аралығында "Қару – 2009" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бес күндік шара барысында облыстағы жеке қарулары бар 4 076 азаматтың қаруларының заңдылығы тексеріліп, 330 азаматқа шара қолданылды. Осы аралықта заңсыз айналымнан алынған 93 қарудың 83-і тегіс ұңғылы, 5 иір ойықты, 1 шолақ мылтық, 1 тапанша, 1 электрлік қару болып отыр. Сондай-ақ 1 киләдан астам жарылғыш заттар алынды. Өткен жылы қылмыскерлер қасақана кісі өлтіруге атыс қаруын 4 рет пайдаланса, биылғы 3 айда 1 дерек тіркелді.