Қызылордада денсаулық сақтау саласының түйткілді мәселелері талқыланды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Кеше облыс әкімі Болатбек Қуандықов облыстық медицина саласы қызметкерлерінің қатысуымен мәжіліс өткізді.
None
None
Онда денсаулық сақтау саласындағы кадр мәселесі, саланың арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі және облыс елді мекендерінен дәріханалар ашу мүмкіндіктері жайлы мәселелер талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болатбек Баймаханов хабарлама жасады. ? Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты 342 медициналық ұйымдарда 1785 дәрігер, 6605 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді, ? деді ол. ? Мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру жүйелі жүргізіліп келеді. Дегенмен облысқа қажетті жоғары білімді 153 маман жетіспейтіндігі, оның ішінде ауылдық жерлерде 94 маманның тапшылығы сезілуде. Ал орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығы білінбегенімен, келешекте арнайы зертханалық диагностика және фармацев мамандықтары бойынша маман қажеттігі туындауы мүмкін. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында медициналық колледжде мемлекеттік тапсырыс негізінде арнайы топтарды жасақтау, қайта қарау істері қолға алынбақшы. Сондай-ақ, басқарма бастығы өз сөзінде облысқа, әсіресе, ауылдық жерлерге жоғары білімді мамандар тарту барысында атқарылып жатқан істерге тоқталды. 2006 жылы денсаулық сақтау басқармасы мен "Торғай Петролеум" акционерлік қоғамы арасында қол қойылған меморандумға орай 8 студент Алматы, Ақтөбе қалаларындағы медициналық академияларда дәріс алуда. Ал 2007 жылғы облыс әкімінің қолдауымен бөлінген грантқа ие болған медициналық колледждің 19 студенті Қазақ ұлттық медицина университетінде білімдерін жалғастыруда. Олар оқуды бітірген соң міндетті түрде ауылдық жерде 5 жыл қызмет атқаратын болады. Осы орайда облыс әкімі ауылдық жерге дәрігерлер тарту жөнінде ұсынысын айтты. Ауылға келер жас маманға жергілікті бюджеттен арнайы қаржы үстемесімен төленеді және оған келісім-шарты біткеннен кейін ең төменгі пайызбен несие беріледі. Әрине, мұның бәрі заң аясында болуы шарт, келісім-шарт бұзылған жағдайда қаржы бюджетке қайтарылуы тиіс. ? Ал, қалаға келсек, медицина саласы қызметкерлеріне арнап мүмкін көп қабатты үй тұрғызуды ойластырармыз, ? деді облыс әкімі бұл мәселеге айрықша маңыз беріп. Мәжілісте сондай-ақ саланың заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі сөз болды. 2007 жылы тек республикалық бюджеттен 875306,7 мың теңгеге - 475, ал өткен жылы 1516800,0 мың теңгеге 815 дана медициналық құрал-жабдықтар алынған. ? Өкінішке орай, облыс бойынша 127 млн. теңгенің құрал-жабдықтары пайдаланылмай тұр, ? деді медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті облыстық басқармасының бастығы Алмат Құрманғали. ? Олардың ішінде заводтан ақаулы шыққандары да, қажетті маманның болмауынан, коммуналдық желінің жетіспеушілігінен пайдаланылмай тұрғандары да бар. Облыс әкімі осы орайда басқарма басшыларына жұмысшы тобын құрып, пайдаланылмай тұрған құрал-жабдықтарды есепке алып, қайта зерттеуге, оларды мейлінше қажетке жарату мүмкіндігін қарастыруға тапсырма берді. Ауылдарда мемлекеттік дәріханалар жоқ. Тұрғындар дәрі-дәрмекті қайдан, қалай алады? Елді мекендердегі медициналық пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар мемлекеттік ұжымдар болғандықтан оларға ақылы қызмет көрсетуге тиым салынады. Сондықтан да ауылдардағы медицина ұжымдары жанынан дәріханалар ашуға мүмкіндік жоқ. ? Қалайда ауыл адамдары өздеріне қажетті дәрі-дәрмекті алуы тиіс, ? деді облыс басшысы ойын түйіндеп. ? Түрлі ұсыныстар түсіп жатыр. Өзге облыстардың іс-тәжірибесіне ден қоялық. Біз соның өзімізге тиімді жағын қарастырайық. Облыс бюджетінен медицина саласына биыл да қомақты қаржы бөлінуде. Оған қажетті құрал-жабдықтар, дәрі-дәрмектер т.б. керекті заттар алынбақшы. Мәжілісті қорытындылаған аймақ басшысы көтерілген мәселелер төңірегінде тиісті мекеме басшыларына тапсырма берді.
Соңғы жаңалықтар