Қызылордада «Діни келісім ? тұрақтылық бастауы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалы ғимаратында "Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі ақпараттық қызметті ұйымдастыру" жобасын жүзеге асыру бойынша "Діни келісім – тұрақтылық бастауы" атты дөңгелек үстел отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен басқосуға дінтанушылар, имамдар, ұстаздар, қоғамдық ұйымдар жетекшілері мен жастар қатысты. Отырысты Қазақстан кіші ассамблеясы хатшылығының бас инспекторы Бақытжан Камалов ашып, жүргізіп отырды.Шара барысында "Ақмешіт" мешітінің найб имамы Нұрлан Әбжанов ислам дінінің мәні мен маңызына тоқталып, мемлекеттік істердегі діннің рөлі туралы жан-жақты әңгімелесе, ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Сәбит Көшербаев жастар арасында экстремизмнің алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ "Жастар және дін", "Дін ? ұлттық құндылықтардың негізі" тақырыбында хабарламалар жасалды. Жыл сайын елімізде діни ахуал күрделі сипат алып бара жатқаны белгілі. Статистикаға жүгінсек, бүгінде төрт мыңнан астам діни ұйым бар. Осы орайда жас буынның діни сауаттылығын арттыруға арналған жоғарыда аталған әлеуметтік маңызы бар жоба аясындағы жұмыстар үздіксіз жүргізілетін болады.