Қызылордада көпқабатты үйге ?көгілдір отын? келді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) –Жаңа жыл қарсаңында қызылордалық тұрғындардың бір шоғыры қуанышқа кенелді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс орталығындағы «Сырдария» шағын ауданындағы 50 және 60 пәтерлік екі үйді қоныстанушылар қанаттас көршілері сияқты табиғи газды тұтынуды арман етіп жүрген еді. Өткен жылдың соңғы күндері үміт ақталып, көгілдір отын әрбір пәтер табалдырығын аттап, игілікке жарады. Қызылорданы газдандыруға былтыр 1 млрд. теңге бөлінсе, биыл ол ? 3 млрд. теңгені құрайтын болды. Бұл ауқымды жобаны толық аяқтауға мүмкіншілік береді.ПМК-29 саяжайының тұрғындары 3 жылдан бері электр қуатының тапшылығынан зардап шеккен еді. Қалалық бюджеттен бөлінген 21 млн. теңгеге 6 шақырымнан астам электр желісі тартылып, бұл мәселе де оң шешімін тапты. Енді осы желінің игілігін әуежай аумағындағы 6 саяжай тұрғындары да көретін болады.
Соңғы жаңалықтар