Қызылордада монша кешені өртенді, адамдар қауіпсіз жерге шығарылды

None
None
АСТАНА. 26 маусым. ҚазАқпарат - Қызылордада моншада болған өрт салдарынан 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Дүйсенбі, 25 маусым күні Қызылордада «Сыр-Арасан» үш қабатты монша кешенінің шатыры өртене бастады. Өрт аумағы 500 шаршы метрді құрады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 10 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді, деп нақтылады құтқарушылар.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 35 адамы мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар
telegram