Қызылордада облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының 20 жылдығы тойланды

  ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында осы медициналық мекеменің құрылғанына 20 жыл толуына арналған салтанатты шара болып өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік жиынды ашқан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Қаракөз Рзатаева аурухана тарихына қысқаша тоқталып өтті. Аймақтың эпидемиологиялық ахуалының ауыртпалығын дәлелдей білген сол кездегі денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ернияз Омаров бастаған дәрігер мамандар осы аурухана құрылысы басталуына қол жеткізеді. Нәтижесінде 1989 жылы 200 орынға арналған ғимарат пайдалануға берілді. Сол уақыттан бүгінгі күнге дейін мұнда 55 мыңға жуық адам емделген. Қазіргі күні ауруханада 383 адам еңбек етеді. Оның 38-і жоғары білікті дәрігер- инфекционист мамандар болса, 185-і орта буын медицина қызметкерлері.

Облыс әкімінің орынбасары М. Мұхамедов салтанатты шараға қатысушы ұжым мүшелерін, сала ардагерлерін, қонақтарды аурухана мерейтойымен құттықтады. Ол аурухана дәрігерлері небір қиын уақыттарда еңбек еткенін еске салып өтті. Осыдан кейін ақ желеңді абзал жандарды облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болат Баймаханов құттықтап, бірқатар қызметкерлерді марапаттады.  Салтанатты шарада сондай-ақ аурухана ұжымына "Нұр Отан" ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков, ұжымға он бес жылдай басшылық жасаған Базарбай Атабай және ардагерлер мен әріптес мекемелер басшылары жылы лебіздерін арнады.

Соңғы жаңалықтар