18:41, 28 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қызылордада су құбырлары ауыстырылып жатыр
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласында "Қолданыстағы су құбырларын, кәріз желілерін қайта жаңғырту" жобасына республикалық бюджеттен 535,5 млн. теңге бөлінген еді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Қомақты қаржыға 7 шақырым ауызсу, 11 шақырым кәріз жүйелері және 7 кәріз-сорғы стансалары күрделі жөндеуден өткізілді. Бұдан өзге облыстық бюджеттен 267,4 млн. теңге бөлініп қазіргі таңда бірқатар қала көшелерінің ауызсу құбырлары мен кәріз жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық бюджеттен бөлінген 14,5 млн. теңге қаржыға Досан елді мекенінде кәріз-сорғы стансасы мен 1,5 шақырым су құбыры жөнделді.