Қызылордада тазалық мәселесі айрықша қолға алынып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қала әкімі М.Ергешбаевтың төрағалық етуімен Қызылорда шаһарын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық экологиялық айлық өткізу жөніндегі штаб отырысы өтті,

Қызылордада тазалық мәселесі айрықша қолға алынып жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгінгі күнге дейін штаб мүшелерінің ықпалымен қаладағы басты 10 көше мен Абай даңғылында нысандардың сыртқы келбеті мен фасадтары жөнделді. Алдағы уақытта Толыбеков, Әуезов, Қазантаев көшелерінде де осындай жұмыстар атқарылмақ. Штаб мүшелері арнайы рейдтер ұйымдастырып қаладағы тұрғын үйлердің де тазалығы бойынша біршама жұмыстар атқарды. Бұдан да басқа 539 кіші және орта кәсіпкерлік нысандарды тексеріп, барлығына ескертулер жасап, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалауда. М.Ергешбаев 190 жылдық мерейтой қарсаңында қала келбетін бұзған көріністерге жол берілмейтіндігіне сенімді. Сондай-ақ облыс орталығында орналасқан ескерткіштер маңына күзет қою мәселесін де шешуді қолға алмақ.