12:03, 07 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қызылордада жас ғалымдар баспаналы болды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің бір топ жас ғалымдары қызметтік пәтерге ие болды.
Университет ректоры Байзақ Момынбаев жастарға пәтер кілті мен ордерін салтанатты түрде табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұдан былай жас оқытушыларға тұрғын жай университеттің ғалымдар үйінен қызметтік келісімшарты арқылы 7 жылға беріледі. Осылайша университет басшылығы жас ғалымдардың тұрғын үй мәселелерін шешуге, ғылыми-педагогикалық кадрлардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға, ғылыми жұмыспен алаңсыз айналысуына ықпал жасап отыр.