Қызылордада жастар порталы ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Өткен жылдың қыркүйек айында "Сыр жастары – жасампаздық жаршысы" тақырыбында қала жастарының форумы өткізілген болатын.
None
None
Форумның пленарлық мәжілісіне қатысқан қала әкімі М.Ергешбаев жастар порталын ашуға уәде беріп, оны дер уақытында орындау мақсатында қажетті қаражат бөліп, өткен жылдың желтоқсан айының 30-да "Менің Қызылордам" атты www.Kyzylorda-zhastar.kz қала жастарының порталын іске қосты. Мұндай портал Қазақстанда санаулы ғана. Бүкіл интернет желісіне қосылған портал арқылы республика жастары, бүкіл елдің жастарымен толық танысуға мүмкіндіктері бар.Портал қазақ және орыс тілдерінде жұмыс жасайды. Аталмыш портал бойынша жастар Елбасының Жолдауымен, қаланың тарихымен, жоғары және орта арнаулы оқу орындары, жастар ұйымдары, жастар саясаты бойынша нормативтік базамен, қала келбетімен, оқиғалар күнтізбесі, қала картасы, қонақ кітабы, апталық жұлдыз жорамалдар, ауа райын біліп, тегін beelіne байланыс жүйесі арқылы СМС хабарламаларын жіберіп, жастар көшбасшыларымен және облыстағы соңғы жаңалықтар топтамасымен таныса алады. Сонымен қатар, қала жастары қала әкіміне өз сауалдарын еркін әрі ашық түрде қоюларына болады. Мәселен, бүгінгі күнге дейін портал жұмысымен 200-ге жуық жастар танысып, қала әкіміне жастар тарапынан 5 сауал қойылған. Хат жолдаған жастар қала әкіміне өз ризашылықтарын білдіруде.Жалпы жастар порталын іске қосуды қалалық ішкі саясат бөлімі мен "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы" қоғамдық қоры жүзеге асырды.
Соңғы жаңалықтар