Қызылордада жекеменшіктегі балабақша ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда қаласында жекеменшік иесіндегі "Ләйлім" атты балабақша пайдалануға берілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Үш қабатты балабақша ғимаратының жалпы көлемі 450 шаршы метрді құрайды. 50 орынға арналған, заман талабына сай киім шешетін, 2 ойын және 3 жатын бөлмелері бар. Асхана мен медпункт те өз дәрежесінде қызмет жасауға жабдықталған. Мекемеде 10 қызметкер еңбек етеді. Сондай-ақ, балғындарды ақпараттық технологиялар ағынымен таныстыру жағы да назардан тыс қалмаған. Ойын бөлмесіне үлкен теледидар қойылған, одан бөбектер бір мезгіл сүйікті мультфильмдерін тамашалай алады. Сонымен қатар компьютер де бар. Балабақшаны заманауи жиһаздармен, төсек-орын, ойыншықтармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етуге 3 млн. теңге жұмсалған.Балабақшаның ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Болатбек Қуандықов ата-аналарды және тәрбиеленушілерді құттықтап, балғындарға түрлі ойыншықтар тарту етті. Сонымен қатар, жуық арада ашылатын мектепке дейінгі "Ролан" шағын орталығына мемлекеттік лицензияны тапсырды.Облыста қазір 114 балабақша және 9 білім мекемелері жанындағы мектепке дейінгі шағын орталықтар жұмыс жасайды. Оларда 10 251 бала қамтылған. Бұл 1-6 жас аралығындағы барлық бүлдіршіндердің 24,2 пайызын құрайды.
Соңғы жаңалықтар