10:28, 09 Мамыр 2009 | GMT +5
Қызылордада Жеңіс тойы қызу тойланып жатыр
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Бүгін таңертеңнен Қызылорда қаласының басты алаңдары мен мәдениет үйлері Ұлы Жеңістің 64 жылдығына арналған шаралар өткізе бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алдымен сағат 10-да Тағзым алаңында жұрт салтанатты шеруді тамашалауға жиналды. Қазіргі сәттерде мұнда шекара әскерлерінің әскери парады басталды. Ол митингімен ашылды. Онда облыс әкімі Болатбек Қуандықов сөз сөйлеп, жиналғандарды Жеңіс мерекесімен құттықтады. Осымен бір мезгілде қала іргесіндегі Тасбөгет кентіндегі С.Майқанова атындағы мәдениет үйінде ?Аталар өткен ұлы жол? деген тақырыпта тағы бір шара қолға алынды. Онда Ұлы Отан соғысының бір топ ардагерлері бүгінгі ұрпақ өкілдерімен кездесуде.