11:56, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қызылордада жер пайдалану заңдылықтарын бұзғандарға 41 млн. 990 мың теңгенің айыппұлы салынды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Өткен жылы Қызылордада жер пайдалану заңын өрескел бұзушыларға 41 млн. 990 мың теңгенің айыппұлы салынды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл жұмыстар Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы қызметінің арқасында атқарылды. Аталмыш инспекция 2008 жылдың 12 айында Қызылорда облысы бойынша жер заңдылықтарының сақталуына бақылау жасау мақсатында 235 тексеру жұмыстарын жүргізді. Осы тексерулер нәтижесінде 308 заң бұзушылық фактілері анықталып, 41 млн. 990 мың теңгенің айыппұлы белгіленді. Соның қазіргі таңда 35 млн. 332 мың теңгесі мемлекет қоржынына қайтарылды.