Қызылордада жер заңын бұзушы мұнай компанияларына 34 232 5645 теңге айыппұл салынды

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы облыс көлемінде орналасқан отандық және шетелдік мұнай компанияларында жер заңдылықтарының сақталуына тексеру жүргізді,

Қызылордада жер заңын бұзушы мұнай компанияларына 34 232 5645 теңге айыппұл салынды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Нәтижесінде 133 заң бұзушылық дерегі анықталып, оларға 34 млн. 232 мың 564 теңге айыппұл салынды. Қазіргі таңда ерікті түрде 19 млн. 518 мың 164 теңге, сот тәртібімен 14 млн. 714 мың 400 теңге айыппұл өндірілді.Анықталған құқық бұзушылықтардың басым бөлігі "Саутс Ойл" ЖШС мен СНПС "Ай-Дан Мұнай" АҚ-да орын алған. Нақтылап айтар болсақ, алғашқысында 71, соңғысында 29 құқық бұзушылық тіркелген. Осыған байланысты тиісінше 14 млн. 714 мың 400 теңге және 8 млн. 226 мың 644 теңге айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды.