11:13, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қызылордаға жаңа автобустар келе бастады
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Қызылорда қаласында жолаушылар тасымалын жақсарту мақсатында заман талабына жауап беретін 350 автобус жеткізіледі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл жобаны іске асыру үшін Семей қаласындағы "Daewoo bus" зауытымен арнайы келіссөздер жүргізілді. Жаңа автобустар әкелуді "Көлік қызметі" мекемесі мен "Ақ орда" республикалық қозғалысы бірлесіп іске асырады. Қала ішінде жолаушылар тасымалдау бойынша өткізілген тендер нәтижесінде маршрут саны 35-тен 27-ге қысқартылып, микроавтобустар орта сыйымдылықтағы автобустарға ауыстырылды. Көшелер бойындағы 95 аялдаманың қазір 43-і жеке кәсіпкерлер меншігінде болса, 52-сі мемлекет меншігінде.