09:38, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қызылорданың бас жоспары жүйеленді
ҚЫЗЫЛОРДА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Баспасөз орталығында облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы Марат Алмасбаев елді мекендердің бас жоспарлары мен даму сызбаларын әзірлеу барысында жүзеге асқан жұмыстар жайлы әңгімелеп берді,

деп хабарлайды ҚазАқпарарт тілшісі.Мәслихатта ол елді мекендер бойынша бұл бағыттағы істер өткен ғасырдың сексенінші жылдарында әзірленгендіктен проблемалардың қордаланып қалғандығын жеткізді. Осы түйінді оң шешу мақсатында 2007 жылы басқарма тарапынан Қызылорда облысында қала құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы дайындалған. Бағдарламаға сәйкес 7 аудан орталығының бас жоспарын әзірлеуге 2008 жылы облыстық бюджеттен 153,0 млн. теңге, сонымен қатар халық саны 5 мыңға дейінгі 54 ауылдық елді мекеннің даму сызбаларын әзірлеуге аудандық, қалалық бюджеттерден 65,6 млн. теңге бөлінген. Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде бұл жұмыстар түгелдей орындалған. Ал Қызылорда қаласының жаңа бас жоспары таяу уақытта Үкімет шешімімен бекітілмекші.