09:51, 06 Мамыр 2010 | GMT +5
Л.Качиньски опат болған ұшақтың кабинасында бөгде біреу болғаны анықталды
АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат. Польша Президенті Лех Качиньскидің ұшағы апат болардың алдында пилоттар кабинасында бөгде біреу болған,
ол - әйел адам, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Польшаның RMF24 радиостансасы мен TVN24 телеарнасының журналистері бұл туралы «қара жәшіктегі» мәліметтерге сілтеме жасап хабарлап отыр. Әзірге бұл ақпарат не ресми расталған, не теріске шығарылған жоқ.
Ұшу кезінде Ту-154М кабинасында 4 адам - бірінші және екінші ұшқыш, штурман және механик қана болуы керек. Журналистердің айтуынша, «қара жәшікте» бесінші адамның - әйел адамның дауысы жазылып қалған. Ол стюардесса немесе жолаушылардың біреуі болуы мүмкін.