Л. Митталдың пайымдауынша, Қазақстан Үкіметінің әлемдік дағдарыстың ел экономикасына ықпалын азайту үшін қабылдаған шаралары тиімділігін көрсетті

АСТАНА. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - «Арселор Миттал» компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы және Бас директоры Лакшми Митталдың пайымдауынша, Қазақстан Үкіметінің әлемдік дағдарыстың Қазақстан экономикасына ықпалын азайту үшін қабылдаған шаралары тиімділігін көрсетті.
None
None

 Ол бұл пікірін бүгін Астанада өткен Кен-қазба өнеркәсібіндегі еңбек пен техника қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне арналған форумда білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оның пікірінше, Қазақстан Үкіметінің қызметі күшті экономикалық тұғырнаманы, ашық және өркендеуші қоғамды, сондай-ақ толық жұмыс істейтін нарықтық экономиканы қалыптастыруға мақсатталған. Осының барлығы Қазақстаның бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал ететін болады. «Өтпелі экономикалы дамушы елдерде олар әлемдік аренада бәсекелесе алатын кезеңге дейін өздерінің табиғи артықшылықтарын сақтау өте маңызды. Бұл ретте Қазақстан Үкіметінің жергілікті қамту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі шешімі келешектегі дағдарысқа берілген дұрыс жауап болып табылады», деді ол. Л. Митталдың сөзіне қарағанда,  «ел күшті, экономикасы әртараптандырылған, ішкі рыногы теңдестірілген болса, ол дағдарыспен басқаларға қарағанда мықты күресе алатын болады».

«Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда 2009 жылды қосқанда экономикалық өсім байқалуда. Инфляция мен курс бақылауда. Үкіметтің қаржылық ресурстары күшті. Мемлекет тарапынан экономикаға көрсетілген көмекті нарықтық экономистер әрқашан сын тезіне алып келеді. Алайда қазір мемлекет тиімді экономикалық құралға айналды», деген Л. Миттал, осы орайда Үкіметке әлемдік дағдарыстың Қазақстан экономикасына ықпалын азайту үшін қабылдаған шаралары үшін алғыс білдірді.

Соңғы жаңалықтар