Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанында дарынды балаларға арналған мектеп ашылады

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп тегін оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп ашылмақ.
None
None
Бұл жөнінде ҚазАқпарат тілшісіне «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы хабарлады.Жобаның басты мақсаты ? дарынды балаларға шетелдік стандартпен білім беру.«Біздер қазір осы университетпен тығыз жұмыс істеудеміз. Ғылыми кеңес болып өтіп, онда оқу жоспарлары қаралды. Қазір ең дарынды балаларды іздеп табу жұмыстары жүргізілуде. Әрине, бастапқы кезеңде онда екі-үш сынып болады, келешекте бұл мектеп танымал оқу орнына айналады деп ойлаймын», ? деді «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Тілдаш Битуова.Дарынды балаларға арналған бұл мектепті ашу осы оқу жылының төртінші тоқсанына жоспарланған.
Соңғы жаңалықтар