«Ла Скала» театры дағдарысқа байланысты қойылымдар санын қысқартады

The Telegraph басылымның атап өтуінше, 2013/2014 жылдардағы маусымда «Ла Скала» сахнасында небәрі 10 опера қойылады, бұл бұдан бұрынғы маусымдағыдан үш қойылым аз деген сөз. Театрдың бас менеджері Стефан Лисснер қойылымдар санын қысқарту туралы шешім «экономикалық дағдарыспен және қаржыландырудың азайтылуымен байланысты» қабылданып отырғанын мәлім етті.
Лисснер соңғы жылы театрды мемлекеттік қаржыландыру 5 млн. долларға азайғаныны атап өтті. «Ла Скала» басшылығы бұл қаржының орнын әзірлікті қысқарту, опера мектебін жабу немесе билет бағасын қымбаттату арқылы жабуға болар еді, бірақ оның орнына қойылымдарды азайту ұйғарылды.
2012 жылы мемлекет дотациясы 116 миллион долларды құрайтын «Ла Скала» бюджетінің үштен бір бөлігін ғана қамтамасыз етті. Қалған қаржы билет сатудан, демеушілік аударымдардан және гастрольдік турлардан түсті.
Еске сала кететйік, Италия соңғы бірнеше жыл бойы мемлекет қарызының жоғары деңгейімен байланысты қаржы дағдарысынан зардап шегуде. Ел үкіметі әртүрлі салада бюджет шығынын едәуір қысқартуды көздейтін бірқатар заңдарды қабылдады.