Лахордағы жойқын жарылыстан қаза тапқандар саны 65 адамға жетті - Пәкістан

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның Лахор қаласындағы терактіден 65 адам қаза тапты, 300-ге жуық адам жарақат алды. Бұл туралы Рейтер агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып хабарлады.
None
None

Полицияның мәліметіне сенсек, жанкешті балалар саябағының жанында жарылғышты іске қосқан, зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар көп.

Оқиғаға куә болғандардың айтуына қарағанда, діни мерекеге байланысты саябақта жүрген адамдар көп болған.
Жарылысты ұйымдастыруды «Жамаат үл-Ахрар» лаңкестік тобы өз мойнына алды, олар пәкістандық тәліптер қозғалысының құрамына кіреді.

Соңғы жаңалықтар