06:18, 13 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Лаңкестер Пальмираны қайта басып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» Сирияның көне қаласы Пальмираны қайта басып алды. Бұл туралы «Рейтер» ақпарат агенттігіне сілтемемен «Хабар 24» хабарлайды.
Шабуылға 4 мыңға жуық содыр қатысқан. Оларға көмекке көршілес провинциядан броньды техника да жеткізілген. Салдарынан әскерилер кері шегінуге мәжбүр болды.
Айта кеткен жөн, «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» Пальмираны өткен жылы басып алған. Ал, биыл наурызда қала азат етілген еді.
Небәрі бір жыл ішінде экстремистер мұнда ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне кіретін жәдігерлердің біразын күл-талқан еткен. Ал, 8 желтоқсанда лаңкестер Пальмираға қайта шабуыл жасап, бірнеше елді мекенді, сонымен қатар мұнай және газ кен орындарының бір бөлігін басып алды.