Лаосқа Африкадан заңсыз келген жас футболшылар адам саудасының құрбаны болды
Тілшілер «Чампасак Юнайтед» футбол клубы Батыс Африканың кәмелет жасқа толмаған алты ойыншысын олар үшін пайдасыз келісімшарт жасауға мәжбүрлегенін анықтады. Осы жылғы ақпанда Лаоста жоғары лигада ойын көрсететін жаңадан құрылған клуб - «Чампасак Юнайтед» Либерия тумасы басқаратын тіркелмеген футбол академиясында жаттығу үшін Либерия, Гана және Сьерра-Леоннан 23 жасөспірім футболшыны жинаған. Белгілі болғандай, жас ойыншыларды қабылдаушы тарап келісімге қол қоюға оларды мәжбүрлеген. Жасөспірімдерді жайсыз жерлерге орналастырып, тиісті ақысын төлемеген. FIFPro «Чампасак Юнайтед» табыс табу үшін жас ойыншыларды кейіннен сатуы мүмкін деп болжам айтады. Клуб бұл айыпты теріске шығарды. Олар FIFPro мен ФИФА тарапынан қысым танытқан соң 17 жасөспірімді босатты. Ал алтауы сонда қалуды шешті.