13:25, 21 Тамыз 2022 | GMT +5
Лаосқа жұмысқа барып алданып қалған қазақ қызы: Полиция қылмыстық іс қозғады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шетелде қиын жағдайға тап болған Әнел Бермағамбеттің ісін Ішкі істер министрлігі тергейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, кеше әлеуметтік желіде Лаостағы қазақстандық азаматша жағдайына байланысты жазба жарияланды.
Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 126-бабының 1-бөлігімен (адам ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Тергеп-тексеру нәтижесінде анықталған мәліметтерге сәйкес ресми ақпарат қосымша ұсынылады. Оқиға туралы ҚР Сыртқы істер министрлігіне хабарланды» деп мәлім етті ведомстводан.
Жәбірленушінің ағасымен байланыс орнатылды. Сонымен қатар ҚР консулдығы департаментіне хат жолданған.
Фото: www.instagram.com/anel.bermaganbet