13:15, 16 Сәуір 2025 | GMT +5
«Лас суды көлге ағызған»: Алматы облысында сусын өндіретін кәсіпорынға тексеріс жүргізіледі
ҚОНАЕВ. KAZINFORM - Кәсіпорын Қарасай ауданында орналасқан.

Әлеуметтік желіде тұрғын танымал сусын түрлерін өндіретін кәсіпорын лас суды жақын маңдағы көлге ағызатынын хабарлап, бейнежазба жариялады.
Алматы облысының әкімдігі Қарасай ауданында RG BRANDS компаниясы тарапынан ағынды сулардың төгілу фактісі бойынша тексеру басталғанын мәлімдеді.
— 16 сәуір күні Экология департаменті мен табиғат қорғау полициясының мамандары оқиға орнына барып, тексеру жұмыстарын жүргізеді, - деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында жолға жақын қазылған карьер жұмысы уақытша тоқтатылғанын жазғанбыз.