Ластанған көліктерін Астана көшелеріне шығарған құрылыс басшылары жазалануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қалалық Ішкі істер департаменті жол-техникалық инспекциясы бөлімшесінің қызметкерлері әкімшілік құқықбұзушылықтарды анықтау мақсатында жол бойын тексеруге шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық медиа орталыққа сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің атап өтуінше, құрылыс нысандарынан шыққан автокөліктердің лайланған дөңгелектерімен жол бойына шығып, сол арқылы жол үстін ластауы әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болады.

Бүгінгі кезекті бақылау барысында Қорғалжын тасжолы бойында орналасқан құрылыс алаңынан шыққан жүк көлігі дөңгелегін жуғанмен, дөңгелек жуу бекетінен қала көшесіне шығар аралықта тиісті тазалықты сақтамағаны үшін тоқтатылды. 

Осындай әкімшілік сипаттағы заң бұзушылыққа жол берген құрылыс объектісінің басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік жүргізушісіне ескерту жасалды.

Жалпы мұндай заң бұзушылықтар үшін құрылыс алаңынын лауазымды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК-тен 30 АЕК дейін айыппұл салынады. Ал көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі - 2 АЕК.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram