Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Лауазымды қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды

ОРАЛ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Орал қаласының лауазымды қызметкерлері үстінен қылмыстық іс қозғады.

Лауазымды қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Департаменттің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, Орал қалалық құрылыс бөлімінің қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланып, мектеп құрылысы кезінде орындалмаған жұмыс көлемі үшін 19,9 млн. теңгені мердігердің есепшотына аударып жіберген. Ал орта мектеп директорларының бірі мектепке тиесілі 0,2567 гектар жерді жеке кәсіпкерге әуелі жалға, кейін жеке меншігіне беруге келіскен. Сондай-ақ Орал қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды қызметкерлері мекеме қажетіне тауар-материалдық құндылықтарды алуға бөлінген 1,2 млн. теңгені жымқырып үлгерген.