Іле Алатауында қар қоры мол: сел қаупі сақталады

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ТЖМ Қазселденқорғау және Алматы қаласының ТЖД бірлесіп Іле Алатауы жотасының орталық бөлігінде аэровизуалды тексеру жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Іле Алатауында қар қоры мол: сел қаупі сақталады
Фото: ТЖМ

Тексеру нәтижесінде биік таулы аймақта қар қорының едәуір көп екені анықталды. Қар сызығы теңіз деңгейінен 2600–2700 метр биіктікте тұрақтаған. Мореналық көлдердің жағдайы тұрақты — су айдындары қар астында, су келуі байқалмайды.

Іле Алатауында қар қоры мол: сел қаупі сақталады
Фото: ТЖМ

— Қазіргі тұрақтылыққа қарамастан, қар қорының мол болуы және температураның ықтимал ауытқулары алдағы сел қаупі кезеңінде күрделі жағдайдың қалыптасуын көрсетеді. Мониторинг штаттық режимде жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Іле Алатауында қар қоры мол: сел қаупі сақталады
Фото: ТЖМ

Осыдан бұрын Іле Алатауы бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылғанын жаздық.