Іле-Балқаш өңірі Тұран жолбарысын қайта жерсіндірудің маңызды алаңына айналды

АСТАНА.KAZINFORM — Іле-Балқаш өңірі тарихи тұрғыдан Тұран жолбарысының мекені ретінде белгілі. Осы табиғи аумақты қалпына келтіру мақсатында резерват жолбарысты қайта жерсіндіру жөніндегі халықаралық бағдарламаны іске асырудың маңызды алаңына айналып отыр. 

Іле-Балқаш өңірі Тұран жолбарысын қайта жерсіндірудің маңызды алаңына айналды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан әлемдегі ең ірі әрі бірегей тұйық көлі бар, ол географиялық ерекшелігі, ұзынша пішіні және суының химиялық құрамымен танымал, көлдің ең басты феномені — оның батыс және шығыс бөліктерінің екі түрлі су құрамына ие болуы. Ортасындағы ұзын әрі тар Сарыесік түбегі арқылы көл екіге бөлінуі. Осы тұңып тұрған табиғи сұлулықты қорып отырған мемлекеттік мекеме — «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты орналасқан.

Резерват 2018 жылдың маусым айында құрылған. Құрылған жылдан бері табиғат сақшылары табиғатымыздың қызыл кітапқа енген аң-құстарын, өсімдіктерінің сақталуын ғана жүзеге асырмай, оның қалпына келуін де қамтып келеді. Табиғи байлық ол келер ұрпаққа қалар аманат. Резерват аумағы 450 252,6 гектарды құрай отырып, 2 филиалдан тұрады (Іле сағасы филиалы және Балқаш маңы филиалы). Резерват Іле өзенінің сағалық алқаптарын, тоғайлы ормандарды, сулы-батпақты және шөлейтті экожүйелерді қамтиды.

Іле-Балқаш өңірі Тұран жолбарысын қайта жерсіндірудің маңызды алаңына айналды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Бұл аумақ Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілігі жоғары табиғи аймақтардың бірі. Резерват аумағында жалпы сүтқоректілердің 45 түрі мекен етіп, 5 түрі Қазақстанның қызыл кітабына енгізіліген. Құстардың 303 түрі мекендесе оның 33 түрі Қызыл кітапқа еніп, 20 түрі ХТҚО-ның Қызыл кітабына енгізілген. Бауырымен жорғалаушылардың 17 түрі, балықтардың 36 түрі, омыртқасыздардың 641 түрі тіркеліп, 23 түрі Қызыл кітапқа еніп, 12 түрі эндемиктерге жатады.

Іле-Балқаш өңірі Тұран жолбарысын қайта жерсіндірудің маңызды алаңына айналды
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Өсімдіктен әлеміне келсек, олардың 332 түрі аңықталды, олардың ішінде балдырлардың 45 түрі, 4 бөлімге, 33туысқа, 23 тұқымдас, 18 қатар, 6класқа жатады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің саңы 287 өсімдік 181 туысқа, 52 тұқымдасқа жатады. Реликтті өсімдіктер саңы 8 түрден тұрады, эндемиктердің 13 түрі аңықталды. Қазақстанның қызыл кітабына (2014) 6 түрі енгізілген. Атап айтсақ Қазақстан қамысы, Қауырсынды селеу, Бем қызғалдағы, Қалқанжапырақты батпақгүл, Аппақ ақ тұңғиық, Сұр тораңғы.

Іле-Балқаш өңірі тарихи тұрғыдан Тұран жолбарысының мекені ретінде белгілі. Осы табиғи аумақты қалпына келтіру мақсатында резерват жолбарысты қайта жерсіндіру жөніндегі халықаралық бағдарламаны іске асырудың маңызды алаңына айналып отыр. 

Айта кетелік Ресей Қазақстанға төрт Амур жолбарысын сыйға тартқан еді