Лебяжі тарихи-өлкетану мұражайы даңқты полковник Әбілқайыр Баймолдиннің жәдігерлерімен толықты
құтысымен және Невель қаласының түбіндегі ол жерлерген зираттан алынған топырақпен толықты, деп хабарлады аудандық әкімдіктен.
Псков облысында фашистермен шайқас болған жерлерден табылған бұл жәдігерлерді Жеңіс мерекесі тойланған күндері қазақстандықтардың зираттарының бастарына барып қайтқан павлодарлықтар алып келді. Делегацияның құрамына Лебяжі ауданының да өкілдері - облыстық мәслихаттың депутаты, №28 кәсіптік лицейдің директоры Қанат Әлтаев пен аудандық мәслихаттың депутаты Қуандық Тілеуғабылов кірген болатын.
Бұл сапардың бастамашысы - «Батырлар жолымен» халықаралық жобасының авторы, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-ның вице-президенті Жұмабек Қамзин.
Сапарлап қайтқандар жәдігерлерді мұражайға тапсыру рәсімінде қазақстандық жауынгерлер шайқасқан және қаза тапқан жерлерде болған кезде бастарынан кешкен сезімдерімен бөлісті.